КХДР зымырандары Жапонияның айрықша экономикалық аймағына құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР ұшырған төрт зымыранның үшеуі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына құлады.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне дүйсенбі, 6 наурыз күні Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті.

Солтүстіккореялық зымырандардың сынақтары салдарынан Жапонияға келген шығындар туралы ақпарат жоқ, деп атап өтті жапондық министрлер кабинетінің өкілі.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Пхеньянның әрекетін сынға алды. «Бұл еліміздің қауіпсіздігі үшін қатерлі қауіп және біз Солтүстік Кореяның мұндай әрекеттерін үзілді-кесілді сынға аламыз», - деді ол.

Қазіргі уақытта Сеул ұшырылымдар бойынша ақпараттарды нақтылаумен айналысуда.

Солтүстік Корея 6 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 07.36-да Пхёнан-Пукто провинциясынан белгісіз үлгідегі зымырандарды ұшырды. Болжам бойынша, KN-08 немесе KN-14 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу жүргізілген.  Бұл ретте, Оңтүстік Кореяда ірі ауқымдағы корея-америкалық әскери жаттығулар өтіп жатқан.

Еске салсақ, Пхеньян бұған дейін баллистикалық зымыранды 12 ақпан күні ұшырған болатын . Елдің бұл әрекетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сынға алды. Ал КХДР ұшырылымдар сәтті өткенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар