КХДР Жапон теңізіне тағы екі зымыран ұшырды

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея Жапон теңізіне бүгін тағы екі зымыран ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Корея Республикасының Штаб бастықтары комитеті таратқан хабарға сәйкес, снарядтар Канвондо провинциясының Тхончхон уезінен ұшырылған. Снарядтардың типі, ұшу ұзақтығы, максималды биіктігі сияқты ақпараттар жарияланған жоқ.

«Біз әр жағдайға дайын бола отырып, ендігі зымырандардың ұшырылуын үзбей аңдып отырмыз», - делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Пхеньян 25 шілдеден бері осымен алтыншы рет зымыран ұшырды.

Зымырандардың бұған дейінгі легі 10 тамызда ұшырылған.


Соңғы жаңалықтар