КХДР Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. YONHAP-ҚазАқпарат - КНДР өз спортшыларын коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғау үшін Токио Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

КХДР Ұлттық олимпиада комитеті Пхеньянда өткен отырыста осындай шешім қабылдады.

Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді.

Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына ауыстырылды.


Соңғы жаңалықтар