КХДР Шығыс теңізде екі зымыран ұшырды

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Жапония үкіметінің дерегі бойынша, КХДР бейсенбі күні Шығыс теңізге жақын қашықтықтан екі зымыран ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея штаб басшылары бірлескен комитетінің (JCS) хабарлауынша, Солтүстік Корея мен АҚШ көшбасшылары өткен айда екі Корея шекарасында болған кездесу кезінде таяу уақытта жұмыс деңгейінде келіссөздер жүргізуге келіскен. Алайда оны өткізу мүмкіндігі белгісіз болғандықтан, осындай оқиға орын алған.

«Солтүстік Корея жақын қашықтыққа жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:34-те, тағы бір зымыранды – таңғы сағат 5:57-де Ходо түбегінен, Вонсан қаласына жақын маңнан Шығыс теңізге ұшырды», - деп хабарлады комитеттен.

Комитеттегі офицерлердің бірінің айтуынша, бір зымыран 430 шақырым, енді бірі одан алысырақ құлаған. АҚШ жүргізген талдауға сәйкес, олардың екеуі де 50 шақырым биікте ұшқан. Болжам бойынша, зымырандар Шығыс теңізге құлаған.

«Біздің пайымдауымызша, Ким Чен Ын қазір жазғы әскери оқу-жаттығулар жүргізіліп жатқан, зымыран ұшырылған аймақта жүр. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз», - деп атап өтті комитеттегі дереккөз.

Комитет зымырандардың баллистикалық екенін және КХДР-дің мамырда екі рет ұшырған зымырандар үлгісінен екенін анықтау үшін қосымша талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар