КХДР көшбасшысы елдің коронавирусты жеңгенін жариялады
2022 жылғы 11 тамыз 14:48

КХДР көшбасшысы елдің коронавирусты жеңгенін жариялады

ПХЕНЬЯН. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын КХДР коронавирус індетін жеңгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ресми орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, КХДР басшысы бұл мәлімдемені бір күн бұрын өзі төрағалық еткен эпидемияға қарсы шаралар жөніндегі ұлттық жиналыс кезінде жасады.

«Ол елге енген жаңа коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша эпидемияға қарсы төтенше науқандағы жеңісін салтанатты түрде жариялады», - делінген хабарламада.

Пхеньян екі жылдан астам уақыт бойы инфекция тіркелмегенін мәлімдегеннен кейін 12 мамырда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталып, бүкіл ел бойынша карантин енгізілген болатын. Солтүстік Кореяда тәуліктік инфекция жұқтыру деңгейі 15 мамырда 392 920-ға жетіп, кейіннен 29 шілдеде нөлге түсті.


Фото: cloudfront-us-east-2.images.arcpublishing.com




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT