КХДР-дің ядролық проблемасын бейбіт жолмен шешудегі Сеул ұстанымын дәйекті түрде қолдаймыз - Назарбаев

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Сеулдің КХРД-дың ядролық проблемасын бейбіт жолмен шешу ұстанымын дәйекті түрде қолдайды. Бұл туралы Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сеулдегі Енсей университетінде болған Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Сеулден.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Астана мен Сеулдің өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерде ортақ ұстанымда екендігін баса айтты.

«Біз көпжақты форматта тығыз бірлесе жұмыс істеп, көптеген халықаралық бастамаларда бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Қазақстан Сеулдің корейаралық қарым-қатынасты дамыту саясатын,  сонымен қатар Корей Халықтық- Демократиялық Республикасының ядролық проблемасын алтыжақты келісім аясында  бейбіт жолмен шешу ұстанымын дәйекті түрде қолдайды. Астана жаһандық антиядролық қозғалыстың және таратпау режімінің көшбасшысы ретінде ядролық қарудан азат әлем құруды табанды түрде жақтайды», - деді Назарбаев.

ҚР Президенті Қазақстан мен Кореяның екіжақты серіктестігінің басты сегменті сауда-экономикалық ынтымақтастық екендігін, оның тұрақты түрде өсім көрсетіп отырғандығын баса айтты. Дегенмен, екі елдің әлеуеті толық көлемде пайдаланылмай отырғандығын да өскертіп өтті. Елбасының айтуынша, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға келген  корейлік тікелей инвестиция көлемі 10 млрд. АҚШ долларына жуықтаған.

«Президент Пак Хын Кемен бүгінгі келіссөздер барысында қазақстандық-корейлік стратегиялық серіктестікті жаңа, сапалы деңгейге көтеруге уағдаластық. Бұған Қазақстанда тұрып жатқан 100 мыңнан асатын корей ұлтты азаматтарымыз, үлкен корей диаспорасы септігін тигізетін болады. Ол біздің елдеріміздің арасындағы достықтың өзіндік алтын көпірі саналады. Біз мемлекеттік қызметте, бизнесте, ғылыми және мәдени-білім беру салаларында жұмыс істейтін,   шыққан тегі корейлік азаматтарымыздың дарынын, еңбексүйгіштігін жоғары бғалаймыз», - деді Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар