+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚХА Төрағасының орынбасары: Бірлігімізді жоғалтпай қатаң шектеу шараларын ұстансақ, бұл індетті де жеңеміз

2020 жылғы 3 шілде 13:54
Бөлісіңіз:
ҚХА Төрағасының орынбасары: Бірлігімізді жоғалтпай қатаң шектеу шараларын ұстансақ, бұл індетті де жеңеміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірлігімізді жоғалтпай қатаң шектеу шараларын ұстансақ, бұл індетті де жеңеміз. Мұндай пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

«Бәрімізге белгілі, кеше Мемлекеттік комиссия бірқатар қатаң шектеу шараларын 5 шілдеден бастап 2 аптаға енгізу туралы шешім қабылдады. Меніңше, олар - өте уақтылы әрі қажетті шаралар. Себебі қазіргі күні коронавирус инфекциясы бүкіл елімізге таралып, барша қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Бүгінде бұл індеттің қауіпті екендігіне, жедел тарап жатқандығына қатысты жұртшылық арасында еш күмән қалған жоқ. Бәрі біліп, сеніп отыр. Иә індетке шалдыққандарға медициналық көмекті күшейтуге бағытталған шаралар да қолға алыну үстінде. Бұған қоса, дәрігерлеріміз, мамандарымыз бұл індеттен қалай емделуіміз керектігін, қандай дәрілерді ішуге болатындығын түсіндіріп те жатыр. Осы орайда кешегі жария етілген қатаң шектеу шаралары індетке шалдыққандарды емдеу және тұрғындар арасында індетті таратпау ісін толықтыра түседі», - деді Шерзод Пулатов.

ҚХА төрағасы орынбасарының атап өтуінше, Мемлекеттік комиссия енгізіп отырған қатаң шектеу шаралары ойдан шығарылып отырған жоқ. Олар мамандандырылған институттардың зерттеулері, талдаулары негізінде берілген ұсыныстарға байланысты әзірленген.

«Тарихымызда қаншама қиыншылық болды. Барлық қиындықты тәртіпке бойсұнудың, ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында жеңіп шықтық. Алдағы уақытта да бірлігімізді жоғалтпай, бәріміз бір адамдай осы қатаң шараларды ұстанатын болсақ, бұл вирусты да жеңіп шығатын боламыз. Алдағы уақытта жақсы күндерде, мерейтойларда бас қосып, еркін өмірге оралатындығымызға сенімім мол», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT