ҚХА төрағасы ретінде Елбасы оның қызметін дамытатын болады - Аслан Рахымбергенов

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ауданы «Жастар ресурстық орталығының» директоры Аслан Рахымбергенов Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы кезекті XXVII сессиясынан жастар не күтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХА кезекті сессиясы қарсаңында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жастары Ассамблея қызметінің дамуына зор үміт білдірді. Жастар ресурстық орталығы директорының айтуынша, жаңа ұрпақ көпұлтты елімізді нығайтатын жаңа бастамалар мен жаңа стратегияларды күтеді.

«Төраға ретінде Елбасы ҚХА жұмысын одан әрі дамытып, ассамблея шеңберінде заман талабына сай мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынады. Алдағы сессия барысында ҚХА жұмысының жаңа бағытқа бет алуын, жаңа бастамалар мен жаңа стратегияның жариялануын күтеміз. Жыл басында Қарағанды облысында орын алған оқиға ҚХА қоғамдағы рөлін одан әрі арттыру керек екендігін көрсетті», - дейді Аслан Рахымбергенов

Соңғы жаңалықтар