ҚХА сессиясы: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қалалық өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов тағайындалды», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімдерімен Исламбек Төлеубайұлы Салжанов және Виталий Ионо Тварионас Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
null

Еске сала кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар