ҚХА сессиясы: Еліміздің кең даласында барлығына орын бар - аграршы Кирилл Павлов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аграрлық секторды табысты емес деп санау - қате пікір. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында «Байсерке-Агро» директоры Кирилл Павлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 "ІТ саласында білім алдым, экономист қызметін атқардым, кейіннен журналист, жазушы да болып көрдім. Алайда ауыл шаруашылығына оралдым. Бүгінде өмірге немесе мүмкіндіктің жоқтығына кейіп жүргендерді көрген кезде, оларға: "егістікке барып жұмыс істеңдер, Қазақстан ауқымды аграралық әлеуеті бар мемлекет. Еліміздің кең даласында барлығына орын бар!" деп айтамын. Жастар аграрлық секторды тартымды әрі табысты емес деп санайды. Алайда бұл қате пікір. Біздің агрохолдингтің жұмысын көрсеткен кезде, оларда басқаша пікір қалыптасады. Менің ойымша, "Бес әлеуметтік бастама" болашақ ұрпақ үшін қажетті жағдайдың негізін қалады. Үлкен еңбексіз өмірде жеңіс болмайды", - деді К. Павлов.

Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылда жұмыс істеуге ниеттілер үшін шағын несиелер берілетінін атап өтті. "Сәйкесінше, қажетті мамандыққа да оқытамыз. Елімізде жұмыссыз жүру мүмкін емес. Бұл ретте еңбек етуден тайынбай, жұмыс істеуге машықтану керек. Жаңа ғана ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар туралы айтылды. Осының барлығы өте дұрыс", - деп тоқталды Президент.

Бұл тұрғыда Елбасы бүгінде ауылда еңбек өнімділігі өте төмен екенін, жаңа технологиясыз жетістікке жету мүмкін еместігін жеткізді.

"Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен жаңа технологиялар ғылымын енгізу басты мәселе екенін үнемі айтып келемін", - деді Президент.


Фото: zhetysu-gazeti.kz

Соңғы жаңалықтар