ҚХА сарапшыларды Орталық Азиядағы маңызды мәселелерді талқылауға жұмылдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстан және Орта Азия: этноәлеуметтік процестер мен этномәдени байланыс» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия ғылыми сарапшылық кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконың сөзіне қарағанда, Орталық Азия ғылыми сарапшылық кеңесі өзекті проблемаларды талқылайтын тұрақты алаңға айналды.

«Әлемде және біздің өңірде қарқынды этнодемографиялық, этномәдени әрі миграциялық процестер жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде оларға жан-жақты талдау жүргізудің өзектілігін арттырып отыр», - деп тоқталды ол.  

Л. Прокопенконың пайымынша, әлемдегі көкейтесті мәселелердің бірі - ол мәжбүрлі көші-қон мен діни экстремизм.

«Қазіргі кезде ең ауқымды қоныс аудару жағдайы байқалуда. 2016 жылдың соңында барша әлемде 65 миллионнан астам адам қақтығыстар мен қудалау салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 2017 жылы олардың саны тағы да 2 миллион адамға артты. Көптеген өңірлер үшін діни экстремизм өзекті проблемаға айналғаны белгілі. Осы үрдістердің барлығы біздің өңірде тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын тағы да көрсетіп отыр», - деді ол.

null

Осы орайда Леонид Прокопенко Орталық Азиядағы ғылыми қоғамдастық сарапшылары этносаралық қатынастардың заманауи үрдістеріне талдау жүргізуі маңызды екенін қадап айтты. Бұл тұрғыда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтау үшін тиісті жұмыстарға назар аударған жөн.

null 

Осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясында жас басқарушылар корпусы пайда болатындығы туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар