ҚХА өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындауда - Төлеуғали Бурбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдайды.

Мұндай пікірді ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Төлеуғали Бурбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы посткеңестік кеңістіктегі бірегей құбылыс. Ол ұлтаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға негізделген және өзінің функциясын лайықты деңгейде орындап келеді. Осы бағыттағы басты еңбек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бүгінде Ассамблея Президент Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Атап айтқанда, әлеуметтік мәселелер ҚХА назарынан тыс қалған емес», - деді Т. Бурбаев.

Ғалым Ассамблеяның кезекті сессиясы 9 маусымға белгіленген президенттік сайлау, яғни елдің маңызды саяси оқиғасы алдында өтетінін атап өтті. Сонымен қатар Т. Бурбаев Ассамблея Төрағасы, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын ҚХА мүшелері қолдайтынын жеткізді.

«Менің ойымша, Ассамблея өкілдері маңызды саяси шара болып саналатын Қазақстан Президенті сайлауына белсенді қатысуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар