+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

ҚХА өкілдері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2019 жылғы 16 желтоқсан 18:55
Бөлісіңіз:
ҚХА өкілдері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ел тұрғындарына Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ассамблеяның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды ШҚО-да еріктілер жылы салтанатты түрде ашылды Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді

«Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тәуелсіздік күні қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалып, оның шын мәнінде жүзеге асуының символына айналды.

Тарих қазақстандықтардың қазіргі буынына ұлы міндет – жаңа мемлекет құру міндетін жүктеді.

Тарихи міндет ел мен оның халқының ұлылығын жаңғыртуға қабілетті шынайы халық көшбасшыларын туғызады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және қазақстандықтардың бірлігінің арқасында азаттыққа, егемендікке, азаматтық татулық пен келісімге деген ұмтылысымыз шынайы өмірге айналды.

Тәуелсіздік жылдары біз берік іргетас - сенімді экономикалық негізді, тиімді демократиялық саяси және азаматтық құрылымды, мықты әлеуметтік базаны қалыптастырдық.

Бүгінде біз өз жетістіктерімізді одан әрі арттырудамыз.

Мемлекет басшысы Елбасының – ортақ болашағымызды құру және қалыптастыру көзделген стратегиялық бағытының сабақтастығын – өркендеп дамыған және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру деген нақты және түсінікті тетігін белгілеп берді.

Бізде іс-қимыл жасаудың біртұтас стратегиясы бар, бізде ынтымақтастық пен тек алға басу ниетіміз бар. Біздің ұстанымымыз – «Әралуандықтағы бірлік». Бірлік дегеніміз – Тәуелсіздіктің негізі, халықтың бақуаттылығының негізі. Бұл біздің жетістігіміздің басты шарты және кепілі болып табылады.

Біз әр отбасына денсаулық, бақыт және тұрақтылық тілейміз. Сіздердің үйлеріңізде әрқашан қуаныш болып, келісім және өзара түсіністік орнасын!

Біздің Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстан өркендей берсін!

Ұлы дала елі мәңгілік болсын!»,-делінген құттықтауда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT