ҚХА-ның жаңартылған сайтында радио айдар ашылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХА-ның жаңартылған сайтында радио айдар ашу мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлім етті.

Айта кетейік, брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Ассамблеяның жаңартылған сайты (assembly.kz) таныстырылады.

«Біздің радионың эфиріндегі дыбыстық материалдар мен бағдарламалар Ассамблея сайтында пайда болуына қызығушылық танытып отырмыз. Атап айтқанда, сайттың медиакартасы бұндай қадамдарға мүмкіндік береді. Менің ойымша, осыған телеарналар да тартылатын болады, себебі, көп телеарналар түрлі этностардың өмірі жайында қызықты жобаларды түсіруде. Өте жетілдірілген және қазіргі заманғы таоаптарға сәйкес жасалған сайт. Осы орайда ол болашақта өзінің радио айдары мен мини-онлайн телеэфирін біздің Ассамблея үшін ашуға мүмкіндік береді деп пайымдаймын»,-деді Гүлмира Қаракөзова.

«Қазконтент» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нартай Әшімнің сөзіне қарағанда, сайт бүгінгі күннің дизайны мен интернет ресурстардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес жаңартылып жасалды. Портал үш тілде қызмет етеді. Онда көзі нашар көретін азаматтарға арналған нұсқа қарастырылған. Сайтта негізгі графикалық элемент арнайы жобаларға жасалған, яғни бұнда графикалық баннер ақпараттық блогы орналасқан. Сонымен қатар онда жаңалықтар блогы мен аймақтық жаңалықтар қамтылған. Мультемедиялық бөлімде ҚХА-ныңшаралар күнтізбесі, фото және бейне галереясы орналасқан.

Соңғы жаңалықтар