ҚХА-ның 20 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің «Менің Қазақстаным» фестивалі өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалі өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмедиев мәлім етті.

«Мен этномәдени бірлестіктердің «Менің Қазақстаным» атты фестивалін өткізу ұсынысын енгіздім», - деді депутат тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, шараға кәсіби орындаушылар емес, көркемөнерпаздар әртістері қатысуы қажет. Олар қазақтың халық әндерін шырқап, халық астаптарында өнер көрсетеді. Қатысушылар тек басқа ұлт өкілдері ғана болады.

Фестиваль үш кезеңнен тұрады. Оның жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.

«Финал алдағы жылдың 1 наурызында Астанада ұйымдастырылатын болады», - деді М.Ахмадиев.

Соңғы жаңалықтар