ҚХА мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл медиацияны нығайтуға келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «ҚХА мен омбудсман мекемесі арасындағы меморандумды бекіту қадамын өте маңызды деп білемін. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжаттарында барлық жетістіктердің негізі азаматтық бейбітбітшілік пен жалпыұлттық келісім екенін үнемі айтып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі қол қойылған құжат  атқаралып жатқан шараларға сәйкес орындалады. Халықаралық тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей құрылым болып отыр. Сондықтан бұл бағытта қарым-қатынастар өте пайдалы болады деп санаймын», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл  Асқар Шәкіров.

Өз кезегінде ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко аталған меморандум елімізде медиацияны дамыту саласына негізделгенін нақтылады.

«Бұл шара 7 тамыз өтіп жатыр, яғни 2011 жылдың осы мезгілінде «Медиация туралы» Заң күшіне енген болатын. Біздің меморандум медиация институтын ары қарай дамытуға бағытталған. Бұл ретте адам құқықтарын, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналғанын ерекше атап өткім келеді», - деді Л. Прокопенко.

Соңғы жаңалықтар