Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

ҚХА медиаторларға ақы төлеуді ұсынды

2019 жылғы 5 тамыз 16:23 189
Бөлісіңіз:
ҚХА медиаторларға ақы төлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор Юсуп Келигов бюджет қаражатынан медиаторлық көмекке ақы төлеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Әрине, медиация туралы заңды әзірлеуде бірқатар жұмыс атқарылды. Бірақ, медиаторларға ақы төлеу мәселесі қарастырылмаған. Адвокат қызметінің мемлекет тарапынан қаржыландыруы үшін бюджеттен қаражат бөлінеді. Біздің жағдайда да қарапайым азаматтарға медиатор қолжетімді болуы үшін – бюджеттен қаржыландыру жүргізілуі тиіс. Біздің пікірімізше, бұл мәселені шешу медиация институтын дамытуға күш береді. Ақы төлеу ең негізгі мәселе болып қалып отыр», - деді Юсуп Келигов елордада Достық үйінде өткен Медиация туралы ғылыми-практикалық конференцияда.


Оның айтуынша, бұл мәселені заңдық тұрғыда шешуге болады. Осылайша, медиаторлардың мәртебесін, жауапкершілігі мен халық алдындағы сенімін арттыруға болады.

Сондай-ақ, Ю. Келигов Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында медиация орталықтары жұмыс істейтінін еске салды. Өткен жылы ҚХА-ға азаматтардан 33 мың шағым келіп түскен.

«ҚХА орталықтарында кей адамдар бірінші отырыста-ақ даулы мәселесін шешіп, бейбіт тарқасты. Бұл медиация институтының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 13 749 жағдайда дау-дамау консультация кезеңінде шешілді. Ал 11 мың жағдайда тараптар келісімге қол жеткізді», - деді Ю. Келигов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT