ҚХА медиацияны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы ассамблеясы медиацияны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медиация – жеңгендер мен жеңілгендерге бөлмейтін әлеуметтік құрал. Ол қос тарап үшін де тиімді үнемдеу мен даулы мәселелердің жылдам қаралуына ықпал етеді. Бірақ, Қазақстандағы медиация сот жүйесінің элементі болатын құқықтық институт ретінде және қоғамның шиеленіссіз дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде қаралады және онда бірқатар түйткілді мәселелер бар», - деді ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко Леонид Прокопенко елордада Достық үйінде өткен конференцияда.

Оның айтуынша, Қазақстанда тұрғындар арасындағы сенім деңгейін көтеру қажет.

«Медиацияның дамуы тұрғындардың құқықтық сот жүйесіне деген сеніміне тікелей байланысты. Президент Әкімшілігіндегі азаматтарды қабылдауда 90% шағымның әділетсіз сот үкіміне қатысты екенін көрдім. Әсіресе, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дау-дамай азаматтық мүдделерді жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр», - деді Л. Прокопенко.


Сондай-ақ, ҚХА өкілі медиация институтының өзін жетілдіру мен елдегі медиацияны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Құқық қорғау жүйесіндегі әрбір субъектінің рөлін анықтайтын қосымша механизмдер керек. Уәкілетті органның көмегімен халықтың медиацияға сенімі мен хабардарлығын көтеру маңызды. Елдегі медиацияны дамыту тұжырымдамасын құратын кез келді деп ойлаймын. Біз қайда бара жатқанымызды түсініп, қоғамдық, кәсіби, сот медиациясының рөлін ұғынып, келешегін жоспарлауымыз қажет», - деді Леонид Прокопенко.


Соңғы жаңалықтар