ҚХА медиация саласын дамыту үшін жастармен бірлесіп жұмыс істемек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тұран» университетінің басшылығы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жастармен жұмыс атқару бағытына қаншалықты зор көңіл бөлетінін білесіздер. Бізде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы бар. Жастардың аталмыш ұйымының жұмысы Қазақстанның барлық өңірлерінде кеңінен қанат жайып келеді. Еліміздегі ірі ЖОО-лардың базаларында Ассамблеямыздың 40 кафедрасы мен орталығы ашылды. Олардың барлығы да жастармен бірлесе жұмыстарын жалғастырып жатыр. Біз бүгін мінекей, ЖОО-лармен ынтымақтасу аясын одан ары кеңейткелі отырмыз. Яғни, «Тұран» университетімен келісімге келдік. Мен басқа салалармен бірге медиация саласында дамыту тұрғысында да «Тұран» университетімен бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдемін», - деді меморандумға қол қойған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.
null 

Айта кетсек, Елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында бүгін ҚХА-ның «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты республикалық семинар-тренинг өтіп жатыр. Шара барысында Леонид Прокопенко еліміздегі медиация институтын дамыту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қоғамдық алаңдарын жұмылдыратынын мәлім еткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар