ҚХА қоғамдағы тұрақтылыққа ықпал етіп отыр - Мұратәлі Қалмұратов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов еліміздегі тұрақтылықтың арқасында халықтың әл-ауқаты жақсарып отырғанын айтады. Осы бірліктің арқасында инвестиция тартылып, жұрттың тұрмыстық жағдайы жақсарып келетінін алға тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұратәлі Қалмұратовтың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда келісім орнауына ықпал етіп отыр.

«Дана халқымыз: «Бақ бағалағанның басында тұрады», дейді. Біз осы қанатты сөздің мәнін терең түсінуге міндеттіміз. Қазір ашық әлемде өмір сүрудеміз. Айналамызда не болып жатқанын баршамыз біліп, көріп, оқып отырмыз. Қазір қоғамды түрлі түсінігі бар азаматтар кездеседі. Бұл демократиялық бағытты ұстанған мемлекетте орын алатын заңдылық. Түптеп келгенде Қазақстан халқы Ассамблеясы ең алдымен мемлекеттегі тұрақтылыққа ықпал етіп отыр. Сол арқылы адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнығатынын біз білуміз керек»,- дейді қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Мұратәлі Қалмұратов сондай-ақ, Тұңғыш Президентіміздің бастамасы бойынша жүргізілген сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында елімізде татулық, түсіністік, келісім сынды құндылықтар орнаған.

«Біз осыны бағалауымыз керек. Бүгінде бір-бірімен ортақ тіл таба алмай, араздасып жүрген елдер қаншама. Тіпті, тілі, діні, ділі ортақ халықтардың арасында да тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін көріп жүрміз. Ал біздің байтақ еліміздегі барлық этнос өкілдері бір үйдің баласындай болып, бірлікті көздің қарашығындай сақтап, жаңғыруға ұмтылып келеміз. Мұның барлығын əрине, Қазақстанға тән қоғамдық келісімнің жеңісі мен жемісі деп білемін. Ассамблеяның алдағы сессиясында елді жасампаздыққа үндейтін межелі міндеттер айқындалып, жаңарудың жаңа бағыт-бағдары сөз болады, деген ойдамын. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының пайымды парасатпен жүктеген тапсырмалары қоғам тарапынан әрдайым абыроймен орындалатынына сенімдімін», - дейді Мұратәлі Қалмұратов.

Соңғы жаңалықтар