ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмысы қорытындыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлеріндегі ғылыми-сараптамалық топтар маңызды бастамаларды жүзеге асыруда үлкен күшке айналды. Бұл туралы Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел өңірлерінде құрылған ғылыми-сараптамалық топтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын жоғары деңгейде жүзеге асыруда үлкен күшке айналды. Сонымен қатар атқарылған жұмыстардың кейбір қорытындыларын да жариялауды жөн көріп отырмын. Аз уақыттың ішінде, яғни бір жылдан сәл астам мерзімде ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі тарапынан 12 конференция, 38 дөңгелек үстел өткізілді, БАҚ сарапшыларының 26 мақаласы жарық көрді. Мұнымен қоса, біз 78 сұхбат бердік, телеарнада 21 рет бағдарламаға қатысып, қоғамдастықпен 15 кездесу ұйымдастырдық», - деді ҚСЗИ директоры.

Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде 20-дан астам сараптамалық пікірталас, 14 әдістемелік семинар, 17 дәріс өткізілді. Сондай-ақ студенттер пікірталастары ұйымдастырылып, 4 пікірталас клубтары құрылды.

«Жалпы, аталған мерзімді ауқымды жұмыстар атқарылды. Оған Ғылыми-сарапшылық кеңесіне қатысушы әрбір адам өз үлестерін қосты», - деп нақтылады З. Шаукенова.
null

Бұдан бөлек ол ҚР Президентінің бағдарламалық мақаласының барлық жобалары бойынша шараларға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі белсенді түрде қатысып жатқанын атап өтті.

«Атап айтқанда, «100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы алғаш болып басылып шыққан 18 кітапты талқылау мен дәріптеу бағытында елеулі жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар Ғылыми-сарапшылық кеңес мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру тұрғысында өткізіп жатқан шараларды айрықша атап өткен жөн. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Біз бұл шараларды жалғастыратын боламыз», - деп түйді Зарема Шаукенова.

Тастан Жанатұлы

Соңғы жаңалықтар