+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық жұмысы қорытындыланды

2019 жылғы 31 қазан 17:51
Бөлісіңіз:
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық жұмысы қорытындыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көптеген ұлт өкілдері халқымыздың мейіріміне бөленді - Дәурен Абаев Алматыда әзербайжан мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті Қостанай облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті

Форум ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі 10 жылдық жұмысының қорытындысын, көпмәдениетті қоғам, татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі мәдениетаралық диалогты нығайту феноменін, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың әралуандықтағы бірлікті дамытуға қосқан үлесін, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды зерттеу нәтижелерін талқылау және ой бөлісу мақсатында ұйымдастырылған еді.


Форумның ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелерін кеңестің құрылуының 10 жылдығымен құттықтады.

«Бұл белгілі бір меже, өткен кезеңде атқарылған жұмысты саралап, алдағы тұрған міндеттерді айкындайтын кезең. Көпэтностық қоғамда бір шаңырақтың астында сан алуан этнос пен конфессия өкілдерінің басын қосып, бейбіт өмір салтын құру – өте маңызды және жаупкершілігі үлкен мақсат. Осы мақсатты орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның ғылыми-сарапшылық кеңесінің орны ерекше», - деді Жансейіт Түймебаев.


Іс-шараға Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шәукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық корпус, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, халықаралық сарапшылар ұйымдары мен зерттеу құрылымдарының өкілдері, еліміздің жетекші институттарының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының, республикалық жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.


Іс-шара барысында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған мультимедиялық таныстырылым және стендтік таныстырылымдар, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар және экскурсия ұйымдастырылды.

Шара соңында этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге үлес қосқан ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT