ҚХА еліміздің сирек кітаптар қорын толтыруға атсалысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен» меморандум жасасты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, этно-мәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Қазақтың мәдениеті мен тарихына қатысты сирек қолжазбалар мен еңбектер шетелде де жетерлік. ҚХА өкілдері арқылы сол мәліметтерге қол жеткізуге болады. Меморандумның бір мақсаты осы», - дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Қайыржан Күзембаев.


Меморандум аясында елдің тарихына, мәдениетіне және тұрмыс жағдайына қатысты қолжазбалар мен сирек кітаптардың құндылығын анықтау, аудару, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу; кітап жәдігерлерін қалыпқа келтіру, олардың каталогын жасау, цифрлық жүйеге көшіру, қолжазбалардың цифрлық көшірмелерінен микрофильмдер жасап сақтау салаларында ғылыми тәжірибе алмасу көзделген. Сонымен қатар, каталогтандыру, қолжазба баспалары, литография, беттік баспа, цифрлы көшірмелер мен қолжазбаларды қолдану және қайта қалпына келтіру жұмыстарын бірлесіп істеу қарастылыған.


Меморандум құжатына Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңес төрайымы Айгүл Садуақасова мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемесінің директоры Жандос Болдықов қол қойды.


Соңғы жаңалықтар