ҚХА: Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Жолдауда әлеуметтік саладағы мәселелерге айрықша мән беріліп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға арналған ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа Жолдаудың мазмұны Қазақстан халқының өмір сүру сапасын көтеруге негізделген. Осы орайда оның басты басымдығы ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру болғандықтан, Жолдау әлеуметтік мәнге ие болып отыр. Атап айтқанда, жаһандық қаржылық-экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеді», - деді Леонид Прокопенко.

Осы орайда ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді маңызды әлеуметтік бастама деп бағалады. Бұл өз кезегінде барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысына қатысты болады.

ҚХА төрағасының орынбасары Жолдау аясында бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетінін еске салып өтті.

«Бұл еңбекақыны өсіру ғана емес, сонымен қатар біздің азаматтарға арналған инвестиция. Осы тұрғыда біздің экономикаға оңтайлы ықпалын тигізеді», - деді Леонид Прокопенко.

Естеріңізге сала кетейік, Жолдау барысында Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Мұнымен қоса, басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлу жүктелді.

«Осы қадамдардың барлығы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Әсіресе, шетелдерден инновациялар мен инвестициялар тартатын кәсіпкерлер назардан тыс қалмайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар