ҚХА биылғы жобаларын жастар тақырыбына арнамақ - Дархан Мыңбай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы 2018 жылы негізгі жобаларын жастар тақырыбына арнамақ. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде еліміздің этномәдени орталық жетекшілері мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Жиында басты баяндама жасаған ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылдығының меңгерушісі Дархан Мыңбай 2018 жылғы жобалардың дені жастар тақырыбына арналғанын жеткізді.

«Елбасы Жолдауындағы міндеттерді қалай жүзеге асырамыз деген мәселені талқыладық. Ассамблея жастармен жұмыс істеуді негізгі басым бағыттарының бірі ретінде алыпотыр. Озық ойлы жастардың ресурстары мол. Біз алдағы сәуір айында барлық жастар бірлестіктерінің жетекшілерін Астанаға жинап, «Жаңғыру» жолы» қозғалысының жұмысын бастаймыз. Штаб құрылып, оның атқаратын жұмыстары нақтыланады. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Рухани жаңғыру», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасындағы міндеттер арқылы жастардың дамуын қамтамасыз етеді», - деген Дархан Мыңбай 2018 жылы ҚХА тарапынан атқарылатын басты жобалардың дені жастар бағытында болатынын айтты.

«Қоғамдық-саяси бағытта Ассамблеяның 2018 жылы атқаратын 11 арнайы жобасы бар. 11 жобаның барлығын біз жастарға арнайтын боламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясын өткізгеннен кейін, біз «Жаңғыру жолы» республикалық форумын өткіземіз. Онда ҚХА тарапынан әзірленген жастардың әлеуметтік жобаларын таныстарамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар