ҚХА бастамасын қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттер де қолдайды - ҚХР мемсыйлығының лауреаты Әкбар Мәжит

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың зиялы қауымы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Бұл туралы танымал жазушы, Қытай Халықтық саяси кеңесінің мүшесі Әкбар Мәжит айтты.

«Қазақстан - Орталық Азияның «алтын көпірі» ғана емес, ол аймақтағы тұрақтылық пен келісімнің бесігі. Сондықтан, елдегі тыныштықтың сақталуы - қазақстандықтардың басты құндылығы. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы дер уақытында көтеріліп отыр. Менің ойымша, аталған шешімді қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттер де қолдайды», - деді ол.

Жазушы Қазақстанның Қытаймен экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы өте белсенді дамып келе жатқанын айтты. Бұған екі мемлекет көшбасшыларының достығы да септігін тигізіп отыр. Әкбар Мәжит - ҚХР Жазушылар одағының және 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда құрылған Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚХР Жазушылар одағының «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы. Қытай тілінде жазады, 28 кітаптың авторы, соның ішінде, ол Абай шығармаларын аударған.

Соңғы жаңалықтар