ҚХА атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Көкшетауда этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Ахмед Мурадов, Юрий Тимощенко мен Нарииэ Микаелян сайлауалды бағдарламаларын түсіндіру мақсатында өңірдегі этномәдени бірлестік жетекшілерімен және жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізді.

«Достық» үйінде өткен жүздесуде үміткерлер бүгінгі таңда Парламентте Ассамблеяның рөлі зор екенін тілге тиек етіп, бесінші шақырылымда сайланған депутаттардың өздеріне сайлаушылар тарапынан сеніп тапсырылған міндеттерді абыроймен атқара білгендіктері жайлы айтып өтті. Бірқатар әлеуметтік, саяси маңызы бар мәселелер Ассамблея атынан сайланған депутаттардың араласуымен шешімін тапқан. Нақтырақ тоқталсақ, жер қатынастары саласындағы, денсаулық сақтау жөніндегі заңнамаларға өзгертулер енгізіліпті.

Бұл жолы да үміткерлер сайлауалды бағдарламаларына маңызды әлеуметтік мәселелерді негіз етіп отыр. Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Ахмед Мурадов этномәдени бірлестік жетекшілеріне толғандырған сұрақтарын жолдап отыруды, әр сайлаушының пікірі маңызды екендігін, кандидат Юрий Тимощенко алдағы уақытта мемлекеттік мерекелерді ғана емес, ұлттық мейрамдарды да кең көлемде атап өтуге бюджеттен қаржы бөлу мәселесін назарда ұстайтындығын жеткізді.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар