ҚХА Арыс тұрғындарына 65 тонна гуманитарлық көмек жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Халықтары Ассамблеясы бүгін Арыс қаласының тұрғындарына тағы 65 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мейірім керуені» акциясы аясында азық-түлік, құрылыс материалдары тиелген 9 жүк көлігі Алматыдан шығып кетті.

Жапа шеккен тұрғындарға көмек қолын ҚХА Алматы қалалық бөлімшесінің мүшелері, Ұйғыр этномәдени орталығының мүшелері созды.

«Мұнда негізінен құрылыс материалдары. Себебі, ол жақта үйлер қайтадан қалпына келтіріліп жатыр. Басында біз азық түлік, киім-кешек жіберген болатынбыз. Мұнда тек кәсіпкерлер ғана емес, барлық халық көмектесіп жатыр. Зейнеткер апамыз 200 теңге жіберіп жатыр. Біз үшін бұл баға жетпес ақша. Біз Арыспен біргеміз», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық ұйғыр этно мәдени бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов.

ҚХА мүшелері, өзбек, түрік, ұйғыр, әзербайжан, кәріс, орыс, татар, украин сияқты ұлт өкілдері 70 млн теңге шамасында қаражат жинап берді.

Олар бірінші күні-ақ 100 тонна жүк жіберді.

Түркістан облысының қоймаларына бүгінде 510 тонна гуманитарлық көмек жинақталды. Штаб жұмыскерлері жапа шеккен тұрғындар арасында 400 тонна азық-түлік, киім-кешек таратып үлгерді.

«Түркістан» әлеуметтік даму корпоративті қорының атына қазақстандықтар 1 млрд 200 млн теңге қаражат аударды.

Арыстағы қоймаларда заттарды ұрлау-тонаудың алдын алу үшін арнайы веб камералар орнатылды.

Соңғы жаңалықтар