ҚХА Арыс тұрғындарына 51 млн теңгенің көмегін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыс тұрғындарына 51 млн теңгенің көмегін көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінгі күн тәртібінде қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісім, әлеуметтік бірлікті нығайтуда журналистер қауымы алдында тұрған міндеттер талқыланады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты көрсетіп жатқан көмегіне тоқталатын боламыз. Қазақстан халқы қиын-қыстау сәттері жұдырықтай жұмылып, елдік пен бірліктің үлгісін көрсетті", - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысын ашқан Жансейіт Түймебаев.

Оның атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы 24 маусым күні жедел түрде Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық Достық үйінде зардап шеккендер мен Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсету мақсатында штаб құрды. Барлық өңірдегі Достық үйлерінде көмек қабылдау пункттері іске қосылды.

"27 маусым, яғни бүгінгі күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы көрсеткен көмектің жалпы сомасы 51 млн 331 мың теңгені құрап отыр. Сондай-ақ ҚХА мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемелері бір күндік жалақыларын Түркістан әлеуметтік-корпоративтік даму қорына аударды. ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Жақсылық жаса» жобасы аясында Түркістанға көмекке аттану мақсатында волонтерлық топ құрды",- деді ол.

Соңғы жаңалықтар