ҚХА әдістемелік кеңесі жұмыстың жаңа форматына көшті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі мен Достық үйлерінің әдістемелік кеңесі мүшелерінің отырысы өтті. Жиын барысында ҚХА әдістемелік кеңесінің жаңа жұмыс форматы талқыланды.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жанна Шаймұхамбетова жақында 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдама жоспары қабылданғанын атап өтті. Оған сәйкес 28 ауқымды іс-шара өткізілген. Оның айтуынша, дәл қазір кеңестің жұмысын қайта қарайтын уақыт келді. «Әдістемелік кеңес ҚХА мекемелерінің жұмысын үйлестіретін тұрақты алқалы кеңесу органы болып қалу керек. Әдістемелік кеңес аталған мекемелердің әдістемелік және зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру үшін қызмет ететін болады. Бұл біз үшін үлкен міндет», - деді Ж.Шаймұхамбетова. Оның айтуынша, ең алдымен аталған мекемелердің бірыңғай құрылымы жоқ. «Бізде жарғы бар. Кей мекемеде 70 адам болса, кейбірінде 160 адам. Бізге нақтылық жетіспейді. Барлық жарғылар мен қаулыларды қарап шығу керек», - деді ол. Сондай-ақ, әр мекеменің даму болашағын анықтау да кезек күтітрмейтін мәселе. «2016 жылы қандай жұмыспен айналысамыз? ҚХА жылы аяқталған соң қорытындысын шығарып, ұлттық баяндама жасаймыз. Қоғамға қажеттілігімізді көрсету маңызды», - деді Ж.Шаймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар