ҚХА-20 игі іс: Алматы Тайқазан эстафетасын Жамбыл облысына тапсырады
2015 жылғы 26 ақпан 14:00

ҚХА-20 игі іс: Алматы Тайқазан эстафетасын Жамбыл облысына тапсырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 наурызда «ҚХА-20 игі іс» акциясының символы - Тайқазанды Жамбыл облысына тапсырудың салтанатты шарасы өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай әлеуметтік тұрғыдан маңызды жобаларды жүзеге асыруды көздейтін акция биылғы жылы басталды. Бірлік пен келісімнің символына айналған Тайқазан көшірмесін Түркістаннан Астанаға ақпанның басында әкелінген болатын. Одан әрі «Тайқазан» ел облыстарына өз шеруін бастады. Оған орындалған және Ассамблея жылы міндетті іске асырылатын қайырымдылық идеялары, жоспарлары жазылған хаттар салынады.

Алматыда өтетін салтанатты шарада «20 игі іс» театрландырылған қойылым, кітап экспозициясы, тақырыптық фото-видео қатар, этникалық мәдениет қолөнерінің туындыларының көрмесі өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне сыйлықтар табыс етіліп, көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған отбасыларға, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мерекелік шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Алматы қалалық ҚХА жанындағы аналар кеңесі, жастар ұйымдары қатыспақ.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT