KFC мен McDonald's қазақтың етін менсінбей ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, бүгінде KFC мен McDonald's сияқты жылдам тамақтану желілері Қазақстанның картобын да, етін де алмайды.

Бұның барлығын олар шетелден тасып әкеледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"KFC неге қымбат? Олар барлық өнімді шетелден сатып алады. Иә, бізден ананы-мынаны (жергілікті жердің өнімін - авт.) сұрайды. Дегенмен, ақыр соңында ештеңе жарамайды деп шыға келеді. Ашығын айту керек, оларға шетелден әкелген тиімді болып тұр. Бірақ біздің өніміміз сапасы жағынан келіп тұр. Өкінішке қарай, біз оларды міндеттей алмаймыз. Себебі бұл - трансұлттық компаниялар. McDonald's та солай", - дейді Қ. Айтуғанов.

Айта кетейік, Қазақстанда "KFC" маркалы франчизаның жұмыс істегеніне біраз уақыт болып қалды. Ал McDonald's жылдам тамақтану желісі биыл алғаш рет Астанада ашылды. Мейрамхананың ашылуы ұзын-сонар кезектермен есте қалды. Аталған франчизаны белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев сатып алған. McDonald's-тың ашылуына Президент Н.Назарбаев та қатысты.

Соңғы жаңалықтар