Кезектен тыс сайлауға қаражат Үкіметтің резервінен бөлінуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезектен тыс президенттік сайлау өтер болса қаражат Үкіметтің резервінен бөлінуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, кезектен тыс сайлауға қаражат алдын ала бөлінбейді. Кез келген жедел шығыстарға қарастырылған Үкіметтің резерві бар. Кезектен тыс сайлау не болмаса өзге де кезектен тыс және тосын шығыстар туындайтын болса, онда ол Үкіметтің резервінен қаржыландырылатын болады», - деді Руслан Дәленов.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап,
елімізде кезектен тыс президенттік сайлаудың 9 маусымда өтетіндігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар