Кезектен тыс Парламенттік сайлауды қадағалауға Түркияның тәуелсіз байқаушылары атсалысады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Парламенттік сайлауына Түркияның тәуелсіз  7 байқаушысы аттанды,

деп хабарлайды ҚР Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Платформа Диалог Еуразия» ұйымының бас хатшысы Ысмайыл Тас, жалпыұлттық «Стар» газетінің шолушы редакторы Доған Ертұғрул, «ТУСКОН» конфедерациясының үйлестірушісі Джошкун Эртен, «Кыршехир» университетінің доценті, «Йени Чағ» газетінің шолушы редакторы Кюршад Зорлу, Измир қаласы «Гедиз» университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Сипахи» білім және спорт даму қоры басқармасының төрағасы Абдулла Кавук, «Хабер-Түрк» жалпыұлттық газетінің шолушысы Гюнтай Шимшек, және «Barilla Filiz Makarna» директорлар кеңесінің төрағасы Гүнеш Қарабаба тәуелсіз байқаушы ретінде ҚР Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Түркия атынан қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар