+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Кезекші сыныптардағы 36 баладан коронавирус анықталған - Министрлік

2020 жылғы 1 қазан 17:26
Бөлісіңіз:
Кезекші сыныптардағы 36 баладан коронавирус анықталған - Министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтыру жағдайларына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында кезекші сыныптарда оқып жатқан балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы сұрақ қойылды.

«Қазіргі кезде кезекші сыныптар арасында 36 оқиға тіркелді. Осы балалармен байланыста болған 575 оқушы анықталды, олардың арасында да 10 балада анализ оң нәтиже берді. Ауру көбіне балалар арасында симптомсыз немесе жеңіл түрімен өтіп жатыр. Бұл балалардың ішінде бесеуі стационарлық көмекке жүгінді. Оның үшеуінің жағдайы орташа дәрежеде екені анықталды», - деді А. Ғиният.

Оның сөзіне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысында ауырған балалардың саны 13-ке жетті, Солтүстік Қазақстан өңірінде 12 жағдай, сондай-ақ басқа өңірлерде 1-2 баладан тіркелді.

Сонымен қатар вице-министр қашықтан оқып жатқан балаларға тоқталды.

«Қашықтан оқып жүрген оқушылар арасында 73 жағдай тіркеліп отыр. Байланыста болған 242 адам анықталып, олардың ішінде 15 жағдай бойынша анализде оң нәтиже анықталды. Барлық балалардың денсаулығын қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Осы оқушылар арасында ауыр жағдай тіркелмеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT