+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар ма - Білім министрі жауабы

2020 жылғы 27 тамыз 13:40
Бөлісіңіз:
Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар ма - Білім министрі жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытында жұмыс істейтін ғалымдар бекітілді Министрлік лицензиясы қайтарылған ЖОО студенттеріне қандай жағдай жасалатынын түсіндірді Қазақстанда докторантураға қабылдау электрондық форматта болады

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрге кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің қашықтан оқытуына тыйым салынып жатқандығы айтылған болатын.

«Бұған жол беруге болмайды. Қашықтан оқытатын форматта да, кезекші топтарда да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар педагогтердің сабақ беруге құқығы бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұған дейін бастауыш сынып мұғалімдерінде бір ставкаға сағат жетпей қалу проблемасы болған. Мәселен, үлгілік оқу жоспарына сәйкес, бірінші сыныптарда аптасына 24 сағат беріледі. Алайда ағылшын тілі, дене шынықтыру сынды сабақтарды басқа мұғалімдердің беруіне байланысты бастауыш сынып ұстазының орташа жүктемесі 15-16 сағатты құрап, 18 сағатқа, 1 ставкаға да жетпеген. Ал қазір жағдай өзгеріп отыр.

«Қазір біз сыныпты бөлетін боламыз. Айталық, сыныпта 30 оқушы бар. Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында олар аталған сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогке жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT