Кез келген вакцина өмір бойы қорғаныш қалыптастыра алмайды - Ержан Байтанаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев ел болып екпе алу - қауіптен құтқаратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кез келген вакцина өмір бойы қорғаныш қалыптастыра алмайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірейді, антиденелер жойылады. Сәйкесінше ауруды жұқтырып алу қаупі күшейеді», - деді Ержан Байтанаев.

Оның пайымынша, індетті тоқтатудың бірден-бір төте жолы - вакцинация. Ол ауырмаудың және ауырғанның өзінде жеңіл өткерудің кепілі.

«Сондықтан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұлт саулығын қамтамасыз етудегі маңызды шарадан қалыс қалмай, еліміздің әрбір тұрғынын азаматтық танытып, жақынға жанашыр болуға шақырады», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар