Кейкі батырдың бет келбеті белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейкі батырдың бас сүйегінен қалпына келтірілген суреті әзірленді. Аталмыш суреттерді қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

Еске сала кетсек қазан айының басында Мажарстанда Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар  Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алған еді.

null  

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, антропологтер батырдың бет келбетін жасап болғасын, шамамен 1-2 ай көлемінде бас сүйек жер қойнына беріледі.

Мемлекеттік комиссия Кейкі батырдың сүйегін оның туған жері Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында батырға арнап салынған мазарға жерлеу туралы шешім қабылдаған болатын.

null  

Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 қазан күні Кейкі батырдың бас сүйегі Ресейден Қазақстанға жеткізілді. Ол 93 жыл бойы Санкт-Петербор қаласындағы Кунсткамерада сақталып келді.

null 

Соңғы жаңалықтар