Кейкі батырдың бас сүйегі Алматыға әкетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің ұйымдастырушыларының бірі Кейкі батырдың бас сүйегін зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Астанадан Алматыға жеткізеді.

Бұл туралы қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды. «Нұрсан (Әлімбей) ағамыз Кейкі батырдың бас сүйегін Алматыға алып кетіп барады. Аэропорттың тексеруінен өтті (видео). Отбасымызбен Батыр мен ағамызды шығарып салдық. Астанадан (сағат) 22.30-да ұшады. Алматы қарсы ал!», деп жазды саясаттанушы.
Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, антропологтер батрдың бет келбетін жасап болғасын, шамамен 1-2 ай көлемінде бас сүйек Қостанай облысының Амангелді ауданындағы арнайы салынған мазарға жерленеді.

Соңғы жаңалықтар