Кейінгі жылдары Орталық Азияда жаңа деңгейдегі өзара ынтымақтастық орнады – Абдулла Арипов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы жылдары Орталық Азияда мүлдем басқа әрі жаңа деңгейдегі өзара ынтымақтастық орнады. Бұл туралы Астана халықаралық форумына қатысқан Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір климаттың өзгеруі, су және табиғи ресурстардың тапшылығы, пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдары мен энергетикалық дағдарыс сияқты сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл факторлар тұрақты дамуға айтарлықтай қауіп төндіреді. Аталған мәселелер онсызда да күрделі жағдайда тұрған әлемдік экономиканың дамуына кедергі болып отыр. Сондай-ақ, бұған дейін қолданылып келген тауар тасымалдау маршруттарының өзгеріп жатқаны байқалады. Осы кезеңде бізге бірлесіп жұмыс істеп, коструктивті диалог орнату маңызды. Бұл ретте серіктестіктің жарқын үлгісі ретінде Орталық Азия елдерін атап өткім келеді», - деді Абдулла Арипов.

Өзбекстан премьер-министрінің сөзінше, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары ұсынған жүйелі саяси шешімдер бүгінде бар мәселелерді уақытылы шешуге ықпал етіп отыр.

«Соңғы жылдары Орталық Азияда мүлдем басқа әрі жаңа деңгейдегі өзара ынтымақтастық орнады. Бұл өз кезегінде аймақтағы ең қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп тоқталды

Мұнымен қатар ол Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналамы бірнеше есе өсіп, бұрын-сонды болған көрсеткіштерден асып түсуге жақындап қалғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар