Кейінгі екі жылда Ақтөбедегі 7 ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеді - министр

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының бес ауданында орналасқан 7 ауылда соңғы екі жылда қылмыс тіркелген жоқ. Осыған орай Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторларды мемлекеттік наградаға ұсынып, олардың тәжірибесін енгізу үшін Үкіметке ұсыныс енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген министр Марат Ахметжанов бүгін өңірде крименогендік ахуал қалыпты екенін айтты. Дегенмен қылмыстың көбі облыс орталығында тіркелген. Ал аудандарда керісінше, құқықбұзушылық азайды.

«Полиция мен қоғам арасындағы тығыз байланыс құқықбұзушылықтың азаюына сеп болды. Ырғыз ауданының Қызылжар, Алға ауданының Қарабұлақ, Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ, Темір ауданының Тасқопа, Әйтеке би ауданының Ақкөл, Ақтасты, Қайрақты ауылдарында соңғы екі жылда бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеді. Еңбекті бағалау керек. Бағаланбаған еңбекке обал болады. Әкімдерді, учаскелік полиция қызметкерлерін марапаттауды жөн көрдім. Үкіметке де олардың тәжірибесін жан-жаққа таратып, мемлекеттік награда беруге ұсынамын», - деді ІІМ Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар