Кейінгі бес жылда өрт пен суға кету салдарынан 776 бала көз жұмды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елімізде өрт пен иіс тиіп уланудан 14 бала көз жұмды, ал 3 бала суға кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі бес жылда ел аумағында өрт, иіс тиіп уланудан және суға кету салдарынан 776 бала қайтыс болды. Тек 2022 жылы өрттен әрі иіс тиюден 38 бала көз жұмып, 77 бала суға батып кетті», - деді Н. Дербісов Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелері тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, биыл өрт пен иіс тиіп уланудан 14 бала көз жұмды, ал 3 бала суға кетті.

«Көп жағдайда мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балалар өрттің қауіпті факторларынан мерт болып жатыр», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері өрт қауіпсіздігіне қатысты 5 мыңнан астам білім беру нысаны тексерілді.


Соңғы жаңалықтар