Кейінгі 5 жылда кәмелетке толмаған 10 845 азамат қылмыстық жауапқа тартылды – ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі 5 жыл ішінде 10 845 кәмелетке толмаған азамат қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдан бері жұмыс істемейтін отбасылар мен кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке алу институты заңды түрде бекітілді. Алайда, осы жұмысты регламенттейтін құқықтық актінің болмауына байланысты іс-шаралар жергілікті жерде дұрыс жүргізілмейді. Осы кезеңдегі жасөспірімдер қылмысының құрылымында қылмыстардың орта есеппен 63%-ы ауырлығы орташа, 25%-ы ауыр, 10%-ы онша ауыр емес, 2%-ы аса ауыр санатқа жатады.

5 жыл ішінде 10 845 кәмелетке толмаған азамат қылмыстық жауапқа тартылды. Оның 75%-ы (8 118) жеке меншікке қарсы қылмыстар, 10%-ы (1 160) қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмыстар және 11% - жеке тұлғаға қарсы (1 238)», - деп жазылған көпшілік талқылауға шығарылған құжатта.

Атап айтқанда, осы қылмыстар үшін жасөспірімдердің 444-і бас бостандығынан айырылып, 4 030 іс негіздің болмауына байланысты тоқтатылған.


Соңғы жаңалықтар