Кейінгі 10 жылда ел мектептерінде оқушы саны 1 млн-ға артқан
«Жайлы мектеп» пилоттық жобасы маңызы мен ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған, ерекше шара деп айтсам артық емес. Нақты айтқанда, жоба көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысымды және апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған», - деді министр Үкімет отырысында.
Айтуынша, жобаны тиімді іске асыру үшін жан-жақты талдау жасалған
«Тек соңғы 10 жылдың ішінде оқушы саны 1 млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп қалды. Бұл тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш. Осыған байланысты мектептерге үлкен жүктеме түсіп отыр. Проблемаға әсер етіп отырған бес фактор бар. Олар - урбанизация, миграция, туу көрсеткіші, мектеп ғимараттарының тозуы және мегаполистерде тұрғын үйлердің тығыз салынуы. Бұл факторлар жобада толығымен ескерілді», - деді Асхат Аймағамбетов.