Кейінгі 10 жылда әлеуметтік нысандардың электр қуатын тұтыну көлемі 25% азайған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік мекемелер кейінгі 10 жылда энергия үнемдеудің арқасында 188 млн теңге үнемдеген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда энергия тиімділік бағдарламасы бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Бүгін сол бағдарламаның аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізіп жатырмыз. Мемлекеттік мекемелерде жарық шамдарын энергия үнемдейтін түрілеріне ауыстыру жобасы осы бағдарлама кезінде қолға алынған. Оның өзі үлкен дүрбелең туғызып, көптеген мекемелер қысқа мерзімде бүкіл шамды ауыстыруға қарсы болған. Қазір біз мемлекеттік мекемелерден қызулы жарық шамдарын таба алмайтын да шығармыз», - деді Марат Қарабаев «Қазақстан энергия тиімділікті арттыру» жобасын қорытындылаған салтанатты шарада.

Айтуынша, бағдарлама іске асқан кезеңде энергия аудитімен байланысты 1,5 мың шара қолға алынған.

«Дүниежүзілік банк өз кезінде 20 млн теңгенің грантын бөлген болатын. Бұл қаржыға мектеп, балабақша сияқты 96 әлеуметтік нысанның энергия жүйесіне аудит жасалды. Осылайша аталған нысандарда энергия тұтыну көлемі 25% азайып, 188 млн теңге үнемделді. Бұл бюджет қаражатын үнемдеудің бір үлгісі деуге болады. Негізгі көрсеткіштер туралы айтсақ, 2012 жылдан бері елдің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығы 11% төмендеген», - деді вице-министр.

Осы шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов елордадағы «Будепешт», «Family Village» сияқты автономды инфрақұрылымға жалғанған нысандардың проблемасын депуататтық сауал ретінде жолдап, министрлік деңгейінде көтеруге дайын екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар