+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Кейбір жолаушылар пойызының қатынасы қалпына келтіріледі

2020 жылғы 22 тамыз 09:59
Бөлісіңіз:
Кейбір жолаушылар пойызының қатынасы қалпына келтіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қайтадан жолға шығатындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Компания мәліметінше, № 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы 2020 жылдың 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыға жетеді және сол күндері кері бағытта жолға шығады. Ал «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте келеді.

Сонымен қатар № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жолға шығып, 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменге жетеді. Содан кейін бірден кері бағытқа жөнелтіліп, «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келіп тоқтайды.

Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT