+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Кейбір жаңа дін ағымдары психотропты заттарды да қолданады – маман пікірі

2019 жылғы 14 қыркүйек 12:13
Бөлісіңіз:
Кейбір жаңа дін ағымдары психотропты заттарды да қолданады – маман пікірі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар
Кез-келген зайырлы қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрмет салтанат құруы тиіс - Нұрмұхаммед Мейманқожа Жамбылдық 911 азамат діни ағымдардың ықпалында жүр Алматыда медицина колледжінің студенттері діни сауаттылық жөнінде дәріс тыңдады

Аталмыш шара ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қоғамдық Даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай маңызды кездесулердің бірі 13 қыркүйекте Алматыдағы №156 мектепте өтті.

Жиынға сарапшы ретінде Қоғамдық даму басқармасы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Мақпал Жекебаева қатысты.

250-ге жуық оқушы экстремизмнен келетін қауіп туралы танымын кеңейтті.

«Діни экстремизм мен ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деп айыптайды. Экстремистер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, дінаралық жағдайдың ушығуына себепкер болады», - деді дінтанушы.

Жиын барысында жасөспірімдерге жат ағымнан келетін қауіп-қатерлер туралы нақтырақ айтылды.

«Қазір қазақ қоғамында «сәләфизм» бағытындағы ұстанымның жақтастары көп болып тұр. Олар өзге пікірге төзбеу, басқаларға агрессиялық көзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына, қарумен болса да қол жеткізу секілді сипаттармен танылады. Соның нәтижесінде ол басқаларға қатысты түрлі қатыгез әрекеттерге баруы мүмкін. Ата-ана алдындағы парыз, туыстарға қызмет ету, қоғамның қамқоршысы болу секілді адами және ислами құндылықтардан жырақ кетеді», - деді ол.

Сонымен қатар, ислам емес басқа діндердің ішіндегі жат ағымдар туралы мағлұматтар берілді.

Кейбір жаңа дін ағымдарының психотропты заттар мен психотренингтерді қолданатыны белгілі болды. Мысалы «Белое братство» ағымының әсерінен бірнеше адам өзін Киев қаласының орталығыныда өртеп жібермек болды. Бұл әрекетке тек құқық қорғау органдарының араласуымен тосқауыл қойылды.

Жастардың әлеуметтік желіге әуестігі қатаң бақылауды қажет ететін жайт дейді маман.

«Қазір жастар әлеуметтік желіде чатты жиі қолданады. Оны қолданған кезде кейбір жастардың аккануттарына әртүрлі ақылға сыймайтын әрі қауіпті мағлұматтар кеп түседі. Жат ағым өкілдері жастардың аккаунтына әртүрлі шешілмейтін, тығырыққа тірелуіне әкелетін мәселелер мен жазбаларды жіберіп саналарын улап отырады. Осындай жағдайға түскен жасөспірімдер өздерімен өздері болып, қоғаммен қатынасын үзіп, мазасызданып, әрі өмірдегі орны мен рөлін ұмытады да, көптеген теріс түсініктерді санасына орнатып алады. Осындай күйде жүргенде тығырықтан шығатын соңғы амал – о дүниеге аттануға бел буады», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл интернет ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады.



Мәселен, тек 2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (сол кездегі атауы) 10 174 интернет ресурстың мазмұнына сараптама жүргізген.

«Соның ішінде 3555 сайттың заңбұзушылық бағыттағы қызметі анықталды. Бұл сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі», - деді Мақпал Жекебаева.

Жиын соңында оқушыларға теріс ағымның ықпалы туралы арнайы видеофильм көрсетілді.

Оқушылар видеофильм бойынша бірқатар сауал қойып, «сәләфизм» бағыты бойынша бірқатар алаңдатқан сауалдарына жауап алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Дін, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT