+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Кейбір симптомдар байқалса, бірден бірнеше дәрі ішу зиян – пульмонолог кеңесі

2021 жылғы 17 мамыр 18:15
Бөлісіңіз:
Кейбір симптомдар байқалса, бірден бірнеше дәрі ішу зиян – пульмонолог кеңесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 мамыр – пульмонологтар күні. Аталған сала мамандарының кәсіби мерекесі 1997 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде аталып келеді. Өздерінің кәсіби меркесіне орай, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының маманы, пульмонолог Айжан Ерназарова коронавирустың алдын-алу бойынша бұқараға қажетті кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы жұқпайды- гинеколог Жүкті әйелдерде коронавирус ауыр өтеді – дәрігер

«Коронавирус инфекциясы таралған алғашқы айларда дәрі-дәрмекті дұрыс тағайындамау жағдайлары көп тіркелді. Бұл инфекция тек бір КТ (компьютерлік томография) нәтижесіне қарап қойылатын диагноз емес. Мәселен КТ арқылы өкпеде өзгерістердің бары анықталып, бірақ симптомдары аса мазаламаса немесе тек дене қызуы болса, бұл антибиотикті үйіп-төгіп қабылдау керек дегенді білдірмейді. Бізде адам сәл ентіксе болды, онсыз да қиналып жатқан организмді 3-4 дәрімен одан сайын әлсіретіп жібереміз. Сондықтан шешім компьютерлік томография және қан талдамаларының ортақ нәтижесінен кейін қабылдануы тиіс. Естеріңізде болсын, кез келген препарат бауырдың және өзге де ішкі ағзанының қалыпты жұмысын бұзады», - деп атап өтті Айжан Ерназарова.

Пульмонологтың айтуынша, бүгінде пульмонологияда өкпе мен бронх ауруларын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылады. Сондықтан ауруды асқындырмай, дер кезінде дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

«Бүкіл ағзаны оттегімен қамтамасыз ететін өкпенің жұмысы өте маңызды. Өкпеде нерв ұштары жоқ. Сондықтан бұл орган соңына дейін сыр бермейді. Сондай-ақ басқа мүшелерге қарағанда өкпеге трансплантация жасау өте қиын. Өйткені, оны ағза көтере алмауы мүмкін.

Сондықтан сақтық шараларын үнемі қаперде ұстаған абзал. Тыныс алу жолдарын сақтау үшін арнайы жаттығуларды жасаған пайдалы. Коронавирус бізге салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігін ұқтырды деп ойлаймын», - деді пульмонолог-маман.

Бұдан бөлек Айжан Ерназарова таза ауада серуендеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, көбірек қимылдау, дұрыс тамақтану сияқты қарапайым қағидаларды ұстану маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, жалқаулықтан арылып, осы ережелерді ескерсек, өкпе ауруларының алдын-алуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT