Кейбір өңірлерде мектеп салуға бөлінген бюджет қаражаты нашар игерілуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір өңірлер мектеп салуға бөлінген бюджет қаражатын нашар игеруде. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы жоспарланған 90 мыңнан аса оқушы орнына арналған 200 мектепті пайдалануға беру жоспарланса, іс жүзінде 277 мектеп салынды. 163 мыңнан аса оқушы орны ашылды. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептеуге болады. Ал осы жылға тоқталсам, биыл 214 538 оқушы орнын қамтитын 225 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр», - ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, аталған мақсатқа осы жылы жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы республикалық трансферт есебінен 104 млрд теңге берілді.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында бүгінгі күні игерілген қаржының жалпы көлемі 28 пайызды құрайды. Төмен игеру Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында орын алып отыр», -деді Ғани Бейсембаев.


Соңғы жаңалықтар