+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Кейбір оқушы мұғалімнен артық біледі - Бердібек Сапарбаев

2019 жылғы 2 қараша 18:03
Бөлісіңіз:
Кейбір оқушы мұғалімнен артық біледі - Бердібек Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Премьер – Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдердің білім сапасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры: Балаңызды ерекше тәрбиелеймін деп, тәкаппар етіп алмаңыз Елордада мектепке дейінгі мекемелердің 149 тәрбиешісі біліктілігін арттыру курсынан өтті Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

Ұстаздардың жауапкершілігін арттыру қажет. Бұл жүкті Премьер – Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев директорларға артып, мектептердегі мұғалімдерге жеткізуді тапсырды.

«Мемлекеттік жасап жатқан көмегіне, қолдауына қайтарым болуы тиіс. Білім сапасын арттырамыз. Балалардың білімі заман талабына сай болуы керек. Халықаралық деңгейге жетіп, мектеп бітірген оқушы әлемнің мықты университеттерінде білім алуы тиіс. «Болашақ» бағдарламасымен де білім алып жатыр. Ұстаз оқу бағдарламасымен ғана шектелсе, одан тәрбие алған бала алысқа бармайды. Қазіргі балалардың деңгейі, өрісі басқа. Кешірім сұраймын, кейбір балалар мұғалімнен артық біледі. Бала телефоннан, үйіндегі интернеттен мол мәлімет алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ақтөбедегі педагогикалық қауыммен кездесуінде.

Облыс, қаладағы департамент, білім басшылары, мектеп директорлары білім саласындағы өзгерістерді дұрыс түсіндірмеген соң елімізде петиция да жазылып жатыр. Мұны Бердібек Сапарбаев баса айтты.

«Кейінгі кезде жаман әдет шықты. Бірден Президентке хат жазады, петиция, көшеге шығады. Ол болмайды. Мемлекетіміздің ең сауатты азаматы сіздер. Сіздерге бәрі байланысты. Жалпы қоғам алдында жауапкершілік, жанашырлық болуы тиіс», - деді Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Күнделік» арқылы бағалау жалғасатынын, тек интернеті жоқ ауылдар қағаз жүзінде іске асатынын түсіндірді. Ол тоқсан аяқталған сайын балалардан бақылау жұмысын алып, сол баға аясында бағалау жүйесін дұрыс деп санайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT